Бірде немересі атасының жазу жазып отырғаның көріп. “Ата, мен туралы жазып отырсыз ба?” деп сұрайды. Атасы жазуды қойып, немересіне “Иә, сен туралы жазып отырмын. Бірақ қолымдағы қарындаш не жазып жатқанымнан да маңызды” дейді. Немересі қарындашқа қызыға қарап, ерекше ешнәрсе таба алмайды. ”Ата, қарындаштың еш ерекшелігі жоқ қой!” дегенде, атасы “Қалай қарағаныңа байланысты, балам. Бұл қарындаштың ерекшелігі бар. Егер де осы ерекшеліктерін есепке алып өмір сүрсең, бақытты бола аласың. Ол ерекшеліктер мыналар:
1) Қарындаш керемет нәрселер жаза алады. Онымен гүл де, қасқыр да салуға болады. Сол сияқты балам, адамның да қолынан барлық нәрсе келеді, жақсылық та, жамандық та. Сен тек пайдалы нәрселер жазып, әдемі суреттер салатын қарындаштай бол.
2) Не жазсам да, анда-санда тоқтап, қарындашты ұштауға қажет уақыт бөлуім керек. Ұштағаным қарындаштың “жанына” батса да, ұштағаным оның одан ары қарай жақсы әрі анық жазуына себеп болады. Адам да өмірінің әр кезеңінде қарындаш секілді тоқтап, өзін “ұштап” алуды ойлауы керек. Яғни, өзінің білімін жетілдіріп, ойын дамытып немесе рухани байлығын нығайтып, өзінің кемшіліктерімен жұмыс жасап…Кейбір қиындықтарға қарсы шыдамды болуды үйренуің керек, бұл сені одан әрі күшейтеді.
3) Қарындаш қате бір нәрсе жазған кезде, қатесін өшіргішпен өшіруге мүмкіндік туғызады. Өмірде қателік жіберіп алсаң, дер кезінде жөндеуге дайын болуың керек және де қате жөндеуден ұялмауың керек. Қатені өшіріп қайта түзей білу керек.
4) Қарындаштың ең маңызды жағы оның қалыбы емес, яғни, сыртқа көрінген жағы емес, ішіндегі өзегі. Сондықтан қашан да өзегіңе қарап, ең бастысы соны қорғауың керек.
5) Ең басты ерекшелігі – артынан із тастауы. Тура сол сияқты сен де өміріңде жасаған әр ісіңнің із тастайтының ұмытпауың керек, әр қадамыңды ойланып абайлап басуың қажет”.